Таңертең бір стақан ыстық су ішіңіз
Сіз таңертең бір стақан ыстық су ішу арқылы ішек-қарын жолдарын тазалай аласыз. Себебі ыстық су сіздің ағзаңыздағы барлық артық заттардан құтылуға көмектеседі. Сонымен қатар ұйқыңызды ашып, ерекше күш-қуат сыйлайтын қасиетке ие. Оны таңғы асыңызды ішерден 20-30 минут бұрын тұтынуыңыз керек. 40-50 градуста қайнаған ыстық суға бір шай қасық бал қосып ішуіңізге де болады. Оның пайдалы тұстарына көп ұзамай көзіңіз жетеді. Өйткені бал ешқашан бұзылмайтын тағамдардың бірі. Оған қоса сіз өзіңіздің асқазаныңызды тазартып, ағзаңызды жасартасыз. Бір стақан ыстық су сізге бір күнге толық жететін жігерлілік пен қайраттылық береді.