Күш-қуат беретін жасыл коктейлдің рецептілері
Жасыл коктейль сізге керемет күш-қуат беріп, көңіл-күйіңіздің күні бойы көтеріңкі жүруіне көмектеседі. Назарларыңызға бұл коктейльдің 3 рецептісін ұсынып отырмыз.
Бірінші рецепт:
- 4 киви;
- 1 банан;
- 2 шынаяқ су;
- балдыркөктің 3 сабақшасы.
Екінші рецепт:
- бір үлкен байлам ораздық;
- банан;
- бір стақан су.
Үшінші рецепт:
- Салаттың жасыл жапырағы;
- 2 алма;
- бір стақан су;
- балдыркөктің 2 сабақшасы;
- аздап аскөк керек.
Сонымен қатар райхан гүлі мен авокадо жемісінің қоспасынан да керемет сусын шығаруға болады.