Емтиханға қалай дайындаламыз?

Егер емтиханға дайындалу керек болса, онда құр жаттап алам деп әуре болмай-ақ қойыңыз. Мамандар оның пайдасы шамалы екенін анықтады. Олар оның орнына есте сақтаудың ең оңай тәсілін айтты. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға соны ұсынғымыз келіп отыр.

1. Егер берілген материалды санаңызға сіңіріп алуға 2 күн ғана уақытыңыз болса, онда мынадай әдісті қолданыңыз:

Барлық мәліметтерді оқып болған соң бірден қайтадан қайталап оқып шығыңыз.

Алғаш қайталағаннан кейін араға 20 минут салып тағы бір рет оқып щығыңыз.

Үшінші рет 8 сағаттан соң қайталаңыз.

1 тәулік өткеннен кейін тағы бір рет қайталып жіберсеңіз, емтиханға тас-түйін дайын боласыз.

2. Ал, егер уақытта шектеу болмай, ақпараттарды ұзақ уақытқа дейін ұмытпай, есіңізде ұстағыңыз келсе, мына бір кеңеске құлақ түріңіз.

Бірінші қайталау — бірден оқып болған соң;

Екінші қайталау — бірінші қайталаудан 20-30 минуттан кейін;

Үшінші қайталау — екінші қайталаудан 1 күн өткен соң;

Төртінші қайталау — үшінші қайталаудан 2-3 аптадан кейін;

Бесінші қайталау — төртінші қайталаудан 2-3 ай өткен соң.

Бірінші тәсіл де, екінші тәсіл де қатты қиын емес екендігіне көзіңіз жетіп отыр. Сондықтан құр жаттап алып, ертесіне ұмытып қалғаннан гөрі осы әдіс-тәсілдерді қолданғаныңыз жөн.

Іске сәт, достар!