Аммиак ерітіндісін тұрмыста қолданыңыз
1. Терезеңізді сүртіңіз.
1 ас қасық мұсатырлы спиртті 1 литр сумен араластырып, оған жұмсақ қағаз немесе газет малып, терезеңізді сүртіңіз.
2. Жұмсақ теріден жасалған (замшевый) киім-кешектеріңізді тазартыңыз.
Мұсатырлы спирттің жартысын 2 литр сумен араластырып, киіміңізді мақтамен тазалаңыз. Кірлеген сайын суыңызды ауыстырып тұру керектігін ұмытпаңыз.
3. Үтігіңізді тазалаңыз.
Спирттің бір бөлігі мен 1 шай қасық сірке суын араластырыңыз. Кейін қоспаны жұмсақ шүберекке тамызып, үтігіңізді тазаласаңыз болады.
4. Кілемдеріңіз бен жиһаздарыңыздағы дақтардан құтылыңыз.
3 ас қасық мұсатырлы спиртке 1 литр таза су қосып, арнайы ысқыш алып жуыңыз.
5. Құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей шағып алса.
Шағып алған жеріңізге мұқият мұсатырлы спиртті жағып, 5-10 минут күтсеңіз, ісігі қайтып, ауырғаны басылады.