Сөздер сөйлейді. Алқалау, алқалы
қазақ қоғамында кеңесу, ақылдасу үшін алқа қотан отыру, яғни дөңгелек құрып айнала отыру дәстүрі болған. Бұдан барып алқалау сөзі «кеңесу, топ болып отырып ақылдасу үшін жиналу, бас қосу» деген ауыспалы мағынаға да ие болғаны байқалады. Ал соңғы Шалкиіз өлеңіндегі алқалау сөзі «қоршау» деген мағынада қолданылған. Алқала сөзі бұл күнде осы соңғы «айнала қоршау, қамалау» деген мәнде жұмсалады да, оның «жиналу, бас қосу» мағынасы ескі нұсқаларда сақталған.