Жұмбақтардың өзіне тән ерекшеліктері

Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ өз көлеміне енетін заттарды сыртқы белгісі, сыртқы кескін көрінісімен сипаттайды. Мұнымен қатар жұмбақ әрбір затты құлаққа естілетін дыбыс белгісімен де бейнелейді. Мысалы: «Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті» деп күннің күркіреуін жұмбақтайды.