Шашлык Алматы

Алматының қай жерлерінде дәмді шашлык бар? Бағасы да қолжетімді болса... Сіз өзіңіз қай жерге барып жейсіз?

ҚазҰУ-дің жоғарғы жағында Весновкада, сосын Қалдаяқов пен Қабанбай батыр көшесінде бар. Весновкадағысы дәмдірек сияқты әрі арзан. Негізі Шымкентке барып жеген дұрыс-ау. Арзан әрі ол жақта миниатюрный етіп жасайды.
Қарлығаның кеңесімен бүгін онда ҚазҰУ-дағы Весновкаға немесе Қалдаяқов-Қабанбайдағы шашлыкқа барамын )))
Қалдаяқов-Қабанбайдағы шашлыкқа бардық. Қой етінен жасалған шашлык пен тауық қанаттары шашлыгына тапсырыс бердік. Шынымды айтсам, дәмдері ұнамады, тоймадық жалпы шашлык тойымды ас емес қой )) Және тым майлы (((
Шашлык демекші біз жақында шашлык жасадық. Маринадталған 2 қой мен 1 тауық етін сатып алып далада шашлык пісірдік. Шығынымыз - 9 мың теңге. Өзіміз пісірген шашлык өте дәмді шықты. Және жақсылап бір тойдық.