Ең алғашқы ұялы телефоныңыз жайлы

Ең алғаш қай жылы ұялы телефон сатып алдыңыз? Қандай? Біраз ностальжи болайық :roll:

Иә, алғашқы телефонның барлығы отбасылық еді ғой. Кезекпен ұстайтын)
Моделі есімде жоқ, элджи болатын (нөл бүтін бірдеңе мегапиксель камерасынан басқа түгі жоқ), телефон туралы "қақпайтынымды" біліп мақтап-мақтап өткізіп жіберген ғой сатушылар. Өзі 16 000, билайн нөмірі 2000 + тағы бірлік алдық! О тоба, қазіргі бағамен айтқанда 4-5 мыңның телефоны мен 100 теңгелік нөмір ғой... Алғашқы нөмірім әлі есімде 8***2394826, ал одан кейінгі нөмірлерім есімде жоқ, тіпті неше нөмір ауыстырғаным да есімде жоқ, бірнеше жылдар бойы бір нөмір ұстап жүргендерге қызығам, менің қолымнан келмейді екен...
неше нөмір ауыстырғаным да есімде жоқ, бірнеше жылдар бойы бір нөмір ұстап жүргендерге қызығам, менің қолымнан келмейді екен...

тұрақсыз адам болдыңыз ғо???
"Мырқымбай Вечнонедовольнев"
тұрақсыз адам болдыңыз ғо???

:D
Түрлі түсті сотка еді. Маркасын ұмытып қалдым. Полифониясына риза боп жүруші ек :lol:
ал кім қанша нөмір ауыстырды? Жалпы нөмірді жиі ауыстырасыздар ма? неге?
ал кім қанша нөмір ауыстырды? Жалпы нөмірді жиі ауыстырасыздар ма? неге?

мен көп ауыстырмаймын қазіргі ұстап жүргенім 2- номерім
Менің ең алғаш ұялы телефоным Сони Эриксон джи230ай болған. Оны маған 2006 жылы 19 қарашада Ата-Анам сыйға тартқан. Екі жыл қызмет атқарып, суға түсіп, үні өшкен(((

Ой, қандай жаман. Менің де құрбымның екі телефоны суға кеткен. Бірі шелек ішіндегі суға, бірі ваннаға түсіп кеткен
_
Ал мен болсам, нөмірге тұрақтымын. Көп ауыстырғанды қаламаймын ) Ең бірінші телефон алған кезде ішінде 666 дегені бар билайн нөмір алған едім, онымен бірнеше уақыт жүрдім, кейін активтің аты озып кеткен соң, билайнды тастап, соған көштім )) Нөмірім жаман емес, әдемі, өзіме ұнайды ) Жақында симкартасын ауыстырып, жаңалап алсам ба деп жүрмін )