Сізге әкеңіз сияқты жігіттер ұнай ма?

Жақында бір құрбым әкесіне ұқсайтын адаммен кездесіп жүргенін айтып, қуанышын жеткізді. Сізге қалай? Болашақ жарыңыздың әкеңізге ұқсағанын қалайсыз ба?

Әрине! Болашақ жарымның әкем сияқты болғанын қалаймын!!!
Әкемді қатты жақсы көремін. Бірақ, мен қаламайтын едім, ата-анам үнемі барлығының жағдайын ойлайды да, өзінің отбасы мүшелерін ұмытып кетеді... Кейде олардың махаббаты бізден гөрі басқаларға көбірек бағытталатынын қатты қызғанамыз... Кез келген адам үшін отбасы бірінші орында тұруы керек қой...