Қандай бизнес ашсам болады?

Кеше құрбым екеуміз бизнес ашамыз деп әбден армандадық, бірақ бәрібір түк таппадық. Қыздарға қандай бизнес ашуға болады? Ұсыныс бар ма?

меніңше қыздар үшін ең жақсысы шаштараз/макияж/маникюр курсына қатысып, әбден үйренгенше осы салада жұмыс істеп, кейін өз ісіңді бастау. Әуелі таныс қыздарды/клиенттерді үйге шақыру керек. Әрбір қыз бір айда кем дегенде 1 тойға қатысады, демек бұл ешқашан тоқырамайтын жұмыс.
Қалада көлік көп, сол көлікке байланысты бір нәрсе болса, сізге де, өзгеге де пайдасы тиетін сияқты...
Туристік компания ашқан ұтымды болады
Болашақта, бұйырса әрине, халқымызға пайдасы мол болатын сапалы бизнеспен айналысамын
Балмұздақ және торт пісіретін орталық ашуға болады
Қарлыға мысалы, қандай бизнес?
Қарлыға мысалы, қандай бизнес?

Үлкен мейрамхана ашып, сол жерде тойдың салт-дәстүрімізге барынша сай өтуін қадағалағым келеді... Яғни мейрамхана бизнесі...
Кішкенеден бастаған дұрыс
мәселен сіздің қабілетіңізге байланысты,бизнес оңай шаруа емес,алдын ала жоспар құруыңыз керек сонан сон жоспарды іске айналдыру жолдарын қарастырып отыру қажет және инвестиция мен қаржы құрылымын ойластырасыз