Қайыршыларға көмектесесіз бе?

Қайыршыларға деген көзқарасыңыз қандай? Оларға көмектесіп жүрсіз бе?

Қарт кісілерді қатты аяймын, көмектескім келеді де тұрады.
болашақта ақшам болған кезде қайырымдылық қорын құрамын. ал бастамасы ретінде рухани жағын ретке келтіріп жатырмын
Мен ол кісілерге қарап, осы күйге түспеу үшін неге еңбектенбеді екен деп жыным келетін... Алдында саяхатта домбыра тартып қайыр тілеп отыратын әйел адамның жағдайын сұраған едім... Расымен де, аяп кеттім... Олардың үстінен қарайтындай біз ешкім емес сияқтымыз... Тағдырдың бізге не дайындап тұрғанын кім білсін?! Сондықтан мүмкіндігімше көмектесемін...