Қыздың жігітінен ақша алуы дұрыс па?

Қыз өз-өзін қамтамасыз ету керек пе? Үйленбей тұрып жігітінен ақша алып жаратқаны қаншалықты дұрыс? Әлде бұл қалыпты жағдай ма?

Үйленген соң қанша алса, сонша алсын, бірақ үйленбей тұрып сұрап алған бір түрлі ғой... Олар шақырған жеріне жақсылап төлеп жатса да жеткілікті сияқты...
жігітпен өз жағдайын жақсартып алу үшін кездеспейтін шығар ақылы дұрыс бойжеткен. Өзін сыйлайтын, тұлға болып қалыптасқан қыз ер адамның ақшасына мұқтаж болмауы тиіс. Махаббат тұрмыстық мәселелерді шешуге емес, өзге жан арқылы рухани толығуға, жүректің жұбын табуға негізделсе игі. Ал некеге тұрғаннан кейінгі әңгіме мүлдем бөлек, ол кезде ер адам әйелін асырауға міндетті болып саналады.