Қайызғақтан қалай құтылуға болады?
Тек жеке тәжірибеңізден өткен әдісті айтсаңыз екен...
мен сол қыша маскасын (горчичная маска) ұнатам. Бірақ әбігері көптеу. Жақында бір тәсілді байқап көріп, ұнаттым: шашты сулап (толығымен бір шайып шығу керек), кәдімгі ас тұзын шаш түбіне жағып шығу керек. Төмен сырғып, шашыла береді, сонда да барынша шашта қалдыруға тырысу керек. Шашын бояйтын қыздардың әдісімен, шашты үшкір ұшты тарақпен тарамдап бөліп-бөліп тұрып жағып шығамыз. соңында шаш ұзындығын түйіп, 10 минуттай күтеміз. Кейін кәдімгі сусабынмен жуып, тұзын әбден кетіріп шайып тастаймыз. Кепкен соң қайызғақтың біршама азайғанын, кей жерлерінде мүлдем байқалмайтынын көруге болады. Бір аптада бір рет қайталауға болатын процесс.
Әдетте басымды аптасына бірнеше рет жуған кезде қайызғақ пайда болады. Сол үшін сирек жууға тырысамын...