Іштегі майды қалай кетіруге болады екен?
Обруч айналдырудан басқа әдістері бар ма? Құрбыма қатты керек болып тұр? Ішке жасалатын массаж туралы не білесіздер?
Обруч айналдырудан басқа әдістері бар ма? Құрбыма қатты керек болып тұр? Ішке жасалатын массаж туралы не білесіздер?
1. Орамалды ұзындығы 40 сантиметр, ал қалыңдығы 7-10 сантиметр болатындай етіп тығыздап ораңыз. Артынша екі шетін жіппен байлап қойыңыз.
2. Қатты көлденең кеңістікке жайғасыңыз. Жұмсақ төсектің үстіне жатуға болмайды. Оның орнына еденді таңдаңыз.
3. Оралған орамалды кіндіктің тура астында орналасатындай етіп қойыңыз.
4. Аяқты иықтың деңгейінде орналастырыңыз. Екі өкшенің бір-бірінен ара-қашықтығы 20-25 сантиметр болуы тиіс. Ал башпайдың бір-біріне тиіп тұрғаны абзал.
5. Қолыңыздың саусағын біріктіріп, басыңызға алақаныңыз жерге тиетіндей етіп қойыңыз. Бұлай жасау қиынға соғатындықтан, кейде қалағаныңызша орналастыруыңызға болады. Ең бастысы башпай пен қолдың саусағы бір-біріне тиіп тұруын қадағалаңыз.
6. Осылайша 5 минут жатыңыз. Егер жоғарыдағы техниканы дұрыс орындаған болсаңыз, қарын бөлігіне жиналған май денеңіздің басқа бөлігіне сіңісе бастайды. Бірақ бұл тәсіл бастапқыда денені ауыртуы мүмкін. Егер бірден 5 минуттан бастауға қиналсаңыз, 2-3 минуттан байқап көріңіз. Нәтижесі шамамен бір айдан кейін біліне бастайды.
Дәл осындай әр рәсімнен кейін сүйектер орнынан жылжитындықтан, орныңыздан ақырындап тұрғаныңыз жөн.