Сөмкеңізге жиі ревизия жасап тұрасыз ба?

Менің бір досым былай деп әзілдейді: "Қыздың сөмкесіне бір үңілсем, іздеген дүниеңнің барлығын тауып аласың".
Басында келіспедім, тіпті, аз-маз ренжіп те қалдым. Өз басым сөмкеме тұрақты түрде ревизия жасап тұрамын, қай қалтамда қандай дүниенің жатқанын білемін.
Кейін басқа қыздардың әрекеттерін сырттан бақылап жүріп, досымның айтқаны рас-ау деп қалдым. Оған себеп жақын құрбым бір дүниесін жоғалтып қойыпты. Ары іздейді, бері іздейді. Таппады. Содан мен сөмкесін бір тексеріп алуына кеңес бердім. Бір кезде хабарласып, жоғалтқанының табылғанын айтты. Өзі де мәз :D :D :D

Мораль: Сөмкеге ревизия жиі-жиі жасап тұру керек екен :!: :!: :!:

Қарап отырсам, барлық қыздың сөмкесінде бірдей дүниелер жүреді.
Менің бір группаласым сумкасына дүрбі (бинокль) салып жүреді :lol:

із кесуші агент шығар :lol:
үлкен сөмкелерден керегіңді табу қиын, сондықтан көп ұстағым келмес еді, орташа сөмкелер ұнайды, кітап сыймай бара жатса, кітапты кішкентай пакетке салып алып, жүре бересің.

кішкентай сөмкенің өзінен затымды таппай әуреге түсем :D