Сөмкеңізге жиі ревизия жасап тұрасыз ба?
Менің бір досым былай деп әзілдейді: "Қыздың сөмкесіне бір үңілсем, іздеген дүниеңнің барлығын тауып аласың".
Басында келіспедім, тіпті, аз-маз ренжіп те қалдым. Өз басым сөмкеме тұрақты түрде ревизия жасап тұрамын, қай қалтамда қандай дүниенің жатқанын білемін.
Кейін басқа қыздардың әрекеттерін сырттан бақылап жүріп, досымның айтқаны рас-ау деп қалдым. Оған себеп жақын құрбым бір дүниесін жоғалтып қойыпты. Ары іздейді, бері іздейді. Таппады. Содан мен сөмкесін бір тексеріп алуына кеңес бердім. Бір кезде хабарласып, жоғалтқанының табылғанын айтты. Өзі де мәз
Мораль: Сөмкеге ревизия жиі-жиі жасап тұру керек екен
Кейде ақтарып шығып, көп қоқыс шығарамын. Бір жеңілдеп қалатын сияқты
Өз басым жалпы сөмкемде не бар, не жоғын біліп жүремін. Ара-тұра тазартып тұрмаса да болмайды. Демалыс күндері тазалап, анау-мынауды шығарып тастаймын...
Мен сөмкемді үнемі болмаса да, қажет жағдайда тазартып тұрамын. Сосын ревизия жасағанда қалталарынан тиын-тебен тауып алсам алтын тауып алғандай мәз болам ғой. Бірде сөмкемде көп ұсталмай жатқан блокномының ішінен 7мың теңге ауып алғаным бар. Әрине, өзімдікі ғой. Бірақ қашан салып қойғаным есімде жоқ.
мәәә 7 мың дейді, мен кеттім сөмкеме ревизия жасайм!
апта сайын қағып-сілкіп, аударып-төңкеріп тұрамын
Аптасына екі рет жасайтын шығармын Бәрібір мусоры көп шығады тазалаған сайын
аптасына бір рет тазалап тұрамын. Көбінесе сөмкені ауыстырған кезде... Жалпы, сөмкемде не бар екенін білетін сияқтымын.
"Жалпы" - ұсақ-түйектерін айтпағанда дейсіз ғой)))
үлкен сөмкелерден керегіңді табу қиын, сондықтан көп ұстағым келмес еді, орташа сөмкелер ұнайды, кітап сыймай бара жатса, кітапты кішкентай пакетке салып алып, жүре бересің.