Соңғы рет театрға қашан бардыңыз?

Ару Алматының өзінде бірнеше өнер ордалары бар. Әттең, олардың барлығына бірдей баруға мүмкіндік бола бермейді. Уақыт тығыз, басқа да тірліктер бар дегендей. Осы себептен жаңадан шыққан біраз қойылымдардан бейхабармын.
Таяуда Абай атындағы Опера және Балет театрына бардым. Дж. Вердидің "Травиата" операсын тыңдап келдім. Керемет! Біздің әншілер шетелдіктерден асып түспесе, кем емес. Дауыс диапозоны кең, әрқайсысы өз партияларын жоғары деңгейде орындап шықты.

Ал сіз соңғы рет театрға қашан бардыңыз?

Мүсірепов осы деңгейінен түспесінші
Қыздар, жігіттер, сәуірдің 12-13 күні Әуезов театрында жаңа қойылымның премьерасы өтеді!!!
Ия, және Мүсіреповте "Жақсы кісі" болады
Театрға көп бара бермеймін,сыныптастармен жиналып бармасақ....ал,соңғы рет барған театрым Мүсірепов.....Атау кере спектакльіне барғанмын :)
Мына сұрақты көріп ұялып кеттім гой. Шынымен мен соңғы рет қашан театрға бардым. Есімде де жоқ керек десеңіз. Әйтеуір соңғы рет "Тендерге түскен келіншекке" барғанмын
Қай заман бармағалы. Соңғы рет оыдан 4 жыл бұрын барған сияқтымын. Мулен Рушке
"Апалы-сіңлілі үшеу" қойылымын көріп қайттым. Көңілге қонбады
"Апалы-сіңлілі үшеу" қойылымын көріп қайттым. Көңілге қонбады

негеғ Ғазиза? НЕ кемшілік? Менің әлі соған жолым түскен жоқ
"Апалы-сіңлілі үшеу" қойылымын көріп қайттым. Көңілге қонбады

негеғ Ғазиза? НЕ кемшілік? Менің әлі соған жолым түскен жоқ

Биылғы маусымда қара шаңырақ жаңа қойылымдарымен қуанта алмады. Нақты осы қойылым жайлы айтар болсам, іш пыстырады. Кітабы әлдеқайда қызық көрінді. Оқиға желісін түсіне алмайсың. Актерлердің де ойыны ұнамады
Мен соғы рет театрға 2012 жылдың қыс мезгілінде барыппын "Еңлік-Кебек" қойлымына ол кезеде студент едікқой ;) ал одан кейін барғам жоқ, шын айтқанда уақыт табылмайды. Бірақ, жұмыс дейін десең театр қойылымдары кешкі 6 да басталады.Мүмкін жалғыз барғым келмейтін шығар .........