Соңғы рет театрға қашан бардыңыз?
Ару Алматының өзінде бірнеше өнер ордалары бар. Әттең, олардың барлығына бірдей баруға мүмкіндік бола бермейді. Уақыт тығыз, басқа да тірліктер бар дегендей. Осы себептен жаңадан шыққан біраз қойылымдардан бейхабармын.
Таяуда Абай атындағы Опера және Балет театрына бардым. Дж. Вердидің "Травиата" операсын тыңдап келдім. Керемет! Біздің әншілер шетелдіктерден асып түспесе, кем емес. Дауыс диапозоны кең, әрқайсысы өз партияларын жоғары деңгейде орындап шықты.
Ал сіз соңғы рет театрға қашан бардыңыз?
Бүгін бір жақсы қойылым болады деп жатыр еді. барып қайтпасам, бір жеңілдеп қайту үшін
"Жақсы кісіні" жақсы деп естідім. Барайық Ғ. Мүсіреповке
Ассалаумағалейкүм! Театрға соңғы рет мемлекеттік практикада жүрген кезімде барғам. Наурыз айы шамасы. Ол кездері қатты шаршап жүргем. "Ұлы мен ұрының" премьерасына барғам. Басында, сонымен қатар аяқ жағында да көзім кішкене ілінген болатын. Негізінде, ұйықтамайтынмын. Болашақ драматург болғандықтан, катарсис болу үшін емес, пьесаны талдау үшін барамын көбінесе. Әуезов сияқты көкелереміз болғанда ғой тегін билет әперетін. Көбінесе Әуезовке барамын. Рахаттанып барған кезім - Дулат көкеміздің фестивалі. Ол фестивальға кім барды екен? Мен бәрін ысырып тастап, бірде-біреуін қалдырмай көргем.