Соңғы рет театрға қашан бардыңыз?
Ару Алматының өзінде бірнеше өнер ордалары бар. Әттең, олардың барлығына бірдей баруға мүмкіндік бола бермейді. Уақыт тығыз, басқа да тірліктер бар дегендей. Осы себептен жаңадан шыққан біраз қойылымдардан бейхабармын.
Таяуда Абай атындағы Опера және Балет театрына бардым. Дж. Вердидің "Травиата" операсын тыңдап келдім. Керемет! Біздің әншілер шетелдіктерден асып түспесе, кем емес. Дауыс диапозоны кең, әрқайсысы өз партияларын жоғары деңгейде орындап шықты.
Ал сіз соңғы рет театрға қашан бардыңыз?
қандай қойылым екен. Бір барудың реті келмей кеткені. Бірақ, алда бір көктем бар ғой
Күлейік пе, жылайық па. Кермет болды! Әуезов театырына барудың бір сәті түсті ау.
Барайық!
келісемін сізбен! Әсіресе, қарашаңырақтың қойлымдарына айтар назым көп! Ал Мүсірепов театрында жоқ емес бар, бірақ олардың қойылымдарын да саусақпен санауға болады! Кінәні кімге арту керек екендігін де білмей жүрмін соңғы кезде) Шаршағанда, жаным жылағанда,зеріккенде барар жерім - театр "еді"... Енді не болар екен?

Мүсірепов театрындағы актерлер жақсы ойнауға тырысады. Беріліп ойнайтын кездері болады. Көбіне сол жаққа баруға тырысамын