Соңғы рет театрға қашан бардыңыз?

Ару Алматының өзінде бірнеше өнер ордалары бар. Әттең, олардың барлығына бірдей баруға мүмкіндік бола бермейді. Уақыт тығыз, басқа да тірліктер бар дегендей. Осы себептен жаңадан шыққан біраз қойылымдардан бейхабармын.
Таяуда Абай атындағы Опера және Балет театрына бардым. Дж. Вердидің "Травиата" операсын тыңдап келдім. Керемет! Біздің әншілер шетелдіктерден асып түспесе, кем емес. Дауыс диапозоны кең, әрқайсысы өз партияларын жоғары деңгейде орындап шықты.

Ал сіз соңғы рет театрға қашан бардыңыз?

жексенбі күні Ғ.Мүсірепов театрында барғанмын "Ең әдемі келіншекті" іздеееееп,кімді тапқанымды айтпай -ақ қояйын!қойылым көңілімнен шықпады...
күні есімде емес, осы жақында "Ымырттағы махаббатты" армандап, "Үміт үзгім келмейдінің" көрермені боп қайтқанбыз
29 қаңтарда "Тендерге түскен келіншек" деген спектакльге бардым Әуезов театрына. Өте жақсы қойлым болды. Жиналғандардың бәрі болмаса да, қыз-келіншектер көздеріне жас алды, әсерлі болды :)
күні есімде емес, осы жақында "Ымырттағы махаббатты" армандап, "Үміт үзгім келмейдінің" көрермені боп қайтқанбыз

Ия, ия "Үміт үзгім келмейді" қойылымын көруді ойлап жүруші едім, негізі көргеніміз жақсы болды. Негізі көп достарым ұнатпағанмен маған ұнады, философиялық тұжырымдары көп екен
ТЮЗ-да болдым. "Теңіз жағалай жүгірген төбет" Ш. Айтматов. Өте жақсы қойылым екен. Группаластарым разы болды.
Соңғы рет жаңа қойылым "Мен ішпеген у бар ма" атты реквиемнің көрермені болдым. Иран Ғайыптың сценарийімен қойылған спектакль ақын Абайдың әкесі Құнанбаймен қақтығысы және өмрінің соңғы кезеңдеріндегі сәттір сахналанады. Сонымен театр маусымын жаптық қой М. Әуезовте (Соңғысы - "Абай");)
соңғы рет "Сағым қуғандар" деген премьераны көрдім-ау. Ертең бұйырса "Мөлдір махаббатқа" барамыз
Операға, оның ішінде "Махаббат шырынына" барып қайттым
Астана қаласында Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрындағы бүкіл қойылымдарды жібермеуге тырысам. Бірақ қойылым сағаты сәйкес келмегендіктен кейде қойылымдарды жіберіп алатындығым бар. осы жақында "Ізгілік формуласын" тамашаладым. Өте сәтті шыққан қойылым. Театр ұжымы өте жақсы, жас таланттармен толыққан. Керемет.
Лермонтовқа барудың бір реті келмей жүр. Орыс театрларының өзіндік ерекшеліктері бар. Әйтсе де, өз басым Әуезовты артық қоям