Соңғы рет театрға қашан бардыңыз?
Ару Алматының өзінде бірнеше өнер ордалары бар. Әттең, олардың барлығына бірдей баруға мүмкіндік бола бермейді. Уақыт тығыз, басқа да тірліктер бар дегендей. Осы себептен жаңадан шыққан біраз қойылымдардан бейхабармын.
Таяуда Абай атындағы Опера және Балет театрына бардым. Дж. Вердидің "Травиата" операсын тыңдап келдім. Керемет! Біздің әншілер шетелдіктерден асып түспесе, кем емес. Дауыс диапозоны кең, әрқайсысы өз партияларын жоғары деңгейде орындап шықты.
Ал сіз соңғы рет театрға қашан бардыңыз?
Айжан екеуіңіз опера тыңдап қайтпап па едіңіздер?
Өте жақсы ұсыныс
Айжан екеуіңіз опера тыңдап қайтпап па едіңіздер?[/quote:3klpyw8q][/quote:3klpyw8q]
иа брақ ол концерт болатын. спектакль емес
сенімен барғым келеді! тек қана сенімен!!!
сенімен барғым келеді! тек қана сенімен!!!
Құпия болмаса, қандай қойылымға барасыздар?
Айтпақшы, қазақ драма театры жақында жаңадан арнайы салынған ғимаратқа көшкен-тұғын.
Мәдениеттен бейхабарлық деуге болатын шығар. Театр этикетін білмейді. Мен театрға жиі барамын. Алматыда да тура сондай жағдай орын алады. Жиі барып тұрса, жабайы болмай, қайда келгенін біліп, өнерге құрметін көрсетер еді деп ойлаймын.