Жігіттерге күлімсіреп жүретін қыздар ұнайтыны рас па?

Жігіттерге күлімсіреп жүретін қыздар ұнайтыны рас па?

Қазіргі кезде әдемі, көз тартарлық келбеті бар сұлу қыздың жалғыз жүргенін жиі байқаймыз. Мұндай қыздарды басы бос болуының себебі неде?

Бұл сұраққа жауапты қыздардан емес, жігіттерден сұрау керек. Ал олардың беретін жауабын жүйелеп қарастырғанда мынадай тізім шықты:

Басы

6. «Сен тек менікісің...»

Таңертең ұйқылы-ояу телефоныңды тексерсең бірнеше хабарлама келген: «Қайырлы таң, жаным (сүйген смайликтің бес-алтауы) қалай ұйықтадың? Түсіңде мені көрдің бе?»

Шыны керек, ер балаларға мұндай әрекет ұнамайды. Әрине, қыз бала өзінің сүйіктісіне жазып, хабарласып, сөйлескісі келіп тұрады. Алайда, жігіттер табиғатына байланысты көп жағдайда мұндай махаббатты түсінбейді. Себебі, ол өзін қамауда сезінуі мүмкін. Оянғаннан кешкі ұйқыға дейін сүйгенің маза бермесе, моральдық тұрғыда шаршап кетесің. Ақыры соңында, бұл жігітке барлығына қолды бір сілтеп, басқа бір жаққа кетіп қалуға тура келеді.

7. «Ақылды қыз»

Мұндай типті қыздар, әдетте қатал стильді ұнатады. Костюм не тым бостау келетін кэжуал стиліндегі киімдерді таңдайды. Ол өте ақылды, демек, кез келген сұраққа жауабы және өз пікірі бар. Мұндай қыздардың мақсаты жігіт табу емес, өмірде өз орнын тауып, жақсы қызметке орналасу. Алайда, мұнымен «бітті» деген сөз емес, бұл орайда оларға да бірнеше кеңес айта кеткен жөн: Еріңізбен сөз таластыра берудің орнына, ол өзін ақылды сезінетіндей жағдай жасағаныңыз абзал. Бұл ойын не жарыс емес, сондықтан ер адамның алдында кішірейе біліңіз.

Сонымен қатар, «тең-теңімен, тезек қабымен» демекші, сізбен қызығушылығы ортақ болатын жанды іздеуге тырысыңыз.

8. «Айнам қайда?»

Бұл типті қыздар өзінің сырт келбетіне аса мән береді. Мінсіз сұлулыққа құштар қызымыздың жүрегі неге бос? Әрине, ер адамдар ең бірінші қыздың ажарына қарайды, алайда бұл бір сәттік көзқарас. Уақыт өте келе, ол сіздің жан дүниеңіздің сұлулығын қажетсінеді. Ал, ол жер бос болса, ол жігіт жаныңызда қалмасы анық. Сол себепті кітап оқыңыз, адамдармен тіл табысыңыз. Косметика, спа, макияж деген нәрселермен өзіңіздің де, өзгенің де басын қатырмаңыз.

9. Мансапқор

Мұндай қыздармен экономика, мұнай, т.б. тақырыптарда әңгіме-дүкен құруға болады. Себебі, бұл типті қыздардың бар ойы мансап пен бизнесте. Әрине, мұндай мақсат пен бағытты ұстану қате демейміз, алайда, егер бар уақытыңыз, ойыңыз осы мәселенің төңірегінде ғана өрбитін болса, жалғызсырауыңыз жылдан-жылға жалғаса беруі ғажап емес...

Ер адамдардың ойынша, әйел заты үшін бірінші орында «отбасы» болуы керек. Ал сіз бұған қатысты не айтасыз?

10. «Көрінбейтін қыз»

Кейбір мейірімді, тәрбиелі, «үйден шықпайтын» қыздарға бір нәрсе жетіспейтін секілді көрінеді. Мұндай типті арулар ер адамның имиджін толықтыра алмай, көлеңкесінде ғана қалып қоюы ықтимал. Әдетте, жігіттер мұндай қызды достарынан жасырып жүреді.

Бұл типті қыздар көп нәрсеге қызығушылық таныта бермейді. Ерлерді қызықтыру, тарту үшін алдымен өзіңізді жақсы көруіңіз керек.


Дереккөз, толығырақ оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз: http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/24794/
Әрқашан сұлу да көркем болып жүріңіздер, арулар!
Жігіттерден сұрау керек)