Кешірім сұрағым келеді...
Мына жерде бір кездері қатты ренжітіп қойған адамдарымыздан кешірім сұрайық. Ондай адамдар бәрімізде бар шығар... Кешірім сұрауға мүмкіндік болмаған немесе намысымыз жібермеген деген сияқты... Мен қатты көңілін қалдырғаным үшін Мағжан деген бір баладан, алғашқы махаббатымнан, дұрыс таңдау жасамағаным үшін Айжан деген құрбымнан кешірім сұрағым келеді... Ешбірінен сұрауға дәтім бармады. Бірақ, әлі де бір ашылып сөйлескім келеді.
Бірінші сыныпқа бірге барып, көп жыл жақын көрші, айнымас құрбым болған Сандуғаш есімді аруды қазір сағынып жүрмін, ол отбасылы, сирек хабарласамыз. Бала күнімізде мен оны жиі ренжіткен сияқтымын, ойыма келгенін айтып салатын, мінезім тентектеу, өктемдеу болғаным үшін кешірім сұраймын. Ол нәзік, тұйықтау болатын, маған айта алмағандары көп шығар.
Р... (атын атамай-ақ қояйыншы) деген жігіттен кешірім сұрағым келеді, түсініп тұрып, түсінбеген сыңай танытқаным үшін, әдемі басталып келе жатқан достықтың әуенін қырсықтау мінезіммен бұзып алғаным үшін, қазіргі шарасыздығым үшін...
Маған өкпесі болып, бірақ айта алмай жүрген достарымнан да кешірім сұраймын. Көңіл-күйім болмаған кезде қаталдығымды көретін бауырларымнан кешірім күтем.
P.S. Айгерім, мына форумды бастағаның қандай тамаша болды, бір жеңілдеп қалған сияқтымын. Рахмет саған!