Сіздің арманыңыздағы жұмыс? Ол қандай?
Қазіргі жасайтын жұмысымыз көңілімізден шыққанымызбен, әрбіріміздің арман жұмысымыз бар) Сол туралы айта отырайық. Бәлкім бір күні орындалып та қалар... Бала кезімде ұйымдастырушылық жұмысты армандайтынмын, қазір маңына да жолағым келмейді))) Болашақта үлкееен гүл және сыйлық сататын дүкенімнің болғанын қалаймын) Гүлдердің ортасында азаннан-кешке дейін отырсам, адамдарға сыйлық таңдауға көмектессем) Адамның сол сыйлықты алғандағы қуанышты түрін елестетудің өзі керемет емес пе?
Мен студент кезімде ойда жоқта типографияға жұмысқа тұрып, дизайнерлікті үйрене бастадым. Бұл саладан мүлдем бейхабар ем, қатты ұнатып кеттім. Әдемі шақыру билеттер, визитка, баннерлер.. компьютермен мың құбылтып сурет салып, өңдеп, жып-жылтыр қағаздарға басып шығару, жазуларға температура, фольгалардың көмегімен алтын, күміс түс беру кезіндегі әсер сөзбен айтып жеткізгісіз. Ал тапсырыс берген адамдардың таң қалысын, қуанғанын көру мүлдем керемет) Қазір мемлекеттік саладамын (мамандығыма жақын). Болашақта мүмкіндік туса типография ашуды армандаймын. Сирек өсімдіктер, гүлдер өсіретін жылыжай, сосын музыкалық студия ашып, күні-түні әдемі, сапалы әуендермен тербеліп отырсам) әрі қаржыдан қиналып жүрген жас, талантты әншілерге көмектескім келеді.
Мен жарнама агенттіктерінің біреуінде жобалаушы болғым келеді. Қызық қой, шығармашылық та, білік те болады.
Заңгер тек заңгер
Үлкен мейрамхана ашып, сол жерде тоййды бастан-аяқ өзім ұйымдастырғым келеді... "Сағыныш гүлі" деп атайтын едім...