Бет әлпетіңізде не ұнамайды? Нені өзгертер едіңіз?
Бет әлпетіңізде не ұнамайды? Нені өзгертер едіңіз? Мұндай құдай берген түрім бар, шүкір деген банальный әңгімені жаза бермей, нақты айтыңыздаршы. Мысалы, мұрным дәу немесе құлағым қалқаң деген сияқты... Мысалы, мен қалдарымның бәрін түгел алып тастағым келеді...
Мұрнымның үстіндегі салон кетіргенімен қайта-қайта шығып кете беретін қара нүктелер (((
Қалды алғаны несі. Ол сізді ерекше сұлу етіп тұратын нәрсеңіз ғо
құлағымды! себебі қалқан құлақ
Тыртық болмағанда ғой, аса кедергі де емес, бірақ, мен кіші кезімде ол үлкен болған, соны жасыру үшін төмен қарап жүрем деп, жасқаншақ болып қалғам ))) Сосын, маңдайым кең емес - кекіл қоюға келмейді ) ( барымызға Шүкір ғой, айтатын жерде айтып қалайын деп ))
Қасымның формысы ұнамайды. Мамам күнде таңертең "бұзау жалаған қасыңды-ай" деп мазақтайды. Табиғи сұлулықтың жақтаушысы болғандықтан татуаж сынды дүниелерге қарсымын...
осыған да разымын
Озіңді бағалай білу керек