«Жапон балладасы» тарихи шындыққа жата ма?
«Жапон балладасы» тарихи шындыққа жата ма?
Шығармада адамзат тарихында тұңғыш қолданылған атом бомбасының Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қаласына , адам мен табиғатқа тигізген зардабы жайлы жазылған. Сонымен қатар балладада ядролық жарылыстың ауыр зардабын шеккен жапон халқының жан түршігерлік трагедиясы сипатталған. Оны жазушы поэзиялық леппен, терең сыршыл сезімталдықпен жеткізе білген. Баллада негізінен 3 әңгімеден тұрады : «Арқаның әңгімесі», «Көздің әңгімесі», «Тастың әңгімесі». Осы арқылы XX ғасырдың ең сұмдық, ең жауыз қасіреті — атом апатын әшкерелейді. Жазушы қара мрамор тасты сөйлету арқылы сұрапыл апат жайын, темір өртенген күн, тас өртенген күн жайын, адам баласының бұл маңайда түгел қырылып жоқ болғанын баяндайды. "Көздің әңгімесінде" жиырма жыл бойы жарық дүниені көрмеген қыз көруден өз үмітін үзбейді. Ал "Арқаның әңгімесінде" дәрігердің: "Арқаң Жапонияның географиялық картасындай", — деген сөздері арқылы автор ауыр апаттың азабын дәлелдей түседі. Ол: "Мен бұл апатты ешкімге тілемеймін. Әсіресе тоқсан қабат, жүз қабат үйлердің мұндай апатқа ұшырауын тілемеймін. Сол үйлерде құмырсқа илеуіндей ығы-жығы тұратын адамдардың үйіліп, өртеніп жатқанын тілемеймін", — деп жан даусымен үн қатады. Ал "Арқаның әңгімесінде" дәрігердің: "Арқаң Жапонияның географиялық картасындай", — деген сөздері арқылы автор ауыр апаттың азабын дәлелдей түседі. Ол жігіт жиырма жыл ішінде арқасын он алты рет жаматқан.Атом бомбасынының әсерінен екі үлкен қаланың қақ жарты халқы қас қаққанша қырылып, жоқ болғанын, атом бомбасының ауыр зардаптары мен зиянын жазушы шебер суреттеген.