Қандай кино көруге болады? Жылататын кинолар

Өте жылауықпын ))) Әсіресе киноға келгенде. "Хатико" киносын көрген кезде ағыл-тегіл болып жылап, көз жасым тоқтамады.

"Зеленая миля" деген киноны көргенде жыладым) Мен де жылауықпын)
Менің ойымша осы кино барлығының да көңілінен шыққан сияқты.Сюжеті керемет. Ит жеті қазынаның бірі деп ат-бабаларымыз бекер айтпаса керек. Осы ит жануары туралы бір өзімнің өмірінен алынған оқиғаны айтып берсем деймін; Біздің үйде бала кезімізде кішкентай мәштек ит болатын. Ол біздің үйде күшік кезінен бастап тұрып келді. Ең алғаш біздің үйге келгенде сол күні әкем түн уақытында есік алдына шыға бергенде көрмей қалып басып кеткен болатын. Оны әкем өлді-ау байқұс күшік деп түнде ары қарай көзден таса бола тұрсын деген оймен орнынан жылжытып апарып қойған. Таңертен оны біздер ести салып дала кезіп кеттік , содан бір қарасақ басын салбыратып тірі қалпы бізбін бірге ойнауға келе жатыр. Бір апта шамасындай басы сол жақа бетке майсқан қалпы жүрді, Менің айтқым келгені ол ит өскен кезде өте ақылды және сүйкімді болып өсті. Әкем бірде оның қайда жүретінін білу үшін сылдырмақ тағып қойған, соған итіміз әбден үйренгені болу керек жолда түсіріп алған екен, сылдырмағын тістеп анамның алдына әкеліп тастады. Оған анам сылдырмағын қайта тағып бергенсін түк болмағандай кете берді,
Ты - мой дом. Жизнь во имя любви - 2. 1+1 сынды фильмдер ерекше әсерге бөлейді...
Меня зовут Кханды көріңіздер! жылағанның көкесі болады)