Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ ССР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды.