Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады, Қыранның қырдан байқар баласындай. Жаман парқы жақсымен бірдей емес, Жақсы жігіт елінің ағасындай. Жақсының сөзін әркім пайдаланар, Миуалы алма, өріктің ағашындай.