Шешендік өнердің пайда болуы мен гүлденуі

Шешендік өнердің пайда болуы мен гүлденуі

Қазақ шешендік өнері Майқы би мен Аяз биден басталады. Халық арасында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл сөз содан қалған. Шешендер – «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан елдің арасына бітім айтатын даналық сөздің иелері. Бөлтірік шешеннің айтуынша, тәтті де, ащы да сөз болған.