Эпикалық шығармалар
Эпикалық шығармалар
Адамзат дамуы тарихында үлкен маңызға ие болған тарихи құбылыс-оқиғаларды, ойшылдарды, данышпандарды, ғалымдарды, ақын-жазушыларды, олардың өмірі мен қызметін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, шығармалар тудыру, өлең-жырға қосу – бағзы заманнан келе жатқан ежелгі гуманистік дәстүр әдебиетте әбден орныққан. «Бұл дәстүрдің тамша үлгілеріне қазақ жазба әдебиеті де бай. Негізгі халық әдебиетінен келе жатқан бұл дәстүр сонау ақын-жыраулар творчествосында едәуір нығайып, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар сөз өнерінде дамып, қазақ әдебиетінде мейлінше байи түсті. Әр әдебиетте бұл дәстүрдің баюы сол әдебиеттің даму, өсу деңгейін, интернационалдық сыр-сипатын аңғартатын белгілердің бірі» дейді Ш.Сәтбаева өз зерттеулерінің бірінде.