“ Оқушылар шығармасы – бұл кішкентай жазушыдан үлкен оқырман
“ Оқушылар шығармасы – бұл кішкентай жазушыдан үлкен оқырманға дейінгі жол ”
Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркем оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады.