Азық-түліктерді қалай сақтау керек?

Азық-түліктерді қалай сақтау керек?

Тоңазытқышты пайдалану кезінде кейбір азық-түліктерді өте салқындатып жіберу оның дәмдік сапасын төмендететінін есте ұстау керек. Мысалы ветчина мен колбасаны 2—4˚С температурада, жұмыртқа, кілегей, сүт және майонезді 3—6˚С, көкөністерді (овощтар) 3˚С-тан 7˚С-қ а дейінгі, жеміс-жидек пен минерал суды 4—8˚С температурада сақтайды. Тоңазытқштың ішіндегі ауа емін-еркін алмасып отыратындықтан оның әр деңгейіндегі температура да әр түрлі — төменгі температуралы бөліктің астына таяу аралықта 0˚С болса, әдетте басқа бөліктен әйнекпен бөлінген тоңазыту камерасының төменгі бөлігінде 6—7˚С болады. Температураның осылай әр түрлі деңгейде болуы азық-түлікті тиімді түрде орналас тыруға, оларды сақтауға ыңғайлы жағдай тудырады. Мысалы, жас етті, құс пен балықты қысқа мерзімге сақтау үшін оны жоғарғы сөреге қойған жөн. Сыр, сары май және басқа майлар тоңазыту камерасының үстіңгі сөресінде жақсы сақталады.