Терінің қышуы. Не істеу керек?
Соңғы кезде денем, мұрным қышитын болып жүр, бұрын-соңды ондай болып көрмепті. Жиі түшкірем. Аллергия орталығына барсам, талдаудан кейін қаның тап-таза деді. Бір апта болды, денем қышып, бірінші бірнеше қызыл нүкте болып тұрады да, сосын қызарады, сосын ісініп-ісініп кетеді. Салқын сумен жусам, ісінгені басылады, сосын бір қарасам, бір жарым сағат өткенде ізім-ғайым жоғалып кетеді. Тіпті орны да қалмайды. Ал дәрігерлер ауа райының бір ыстық, бір суығынан дейді. Дәл қазір кларисан деген дәрі қабылдап болдым. Жалпы аллергияға қарсы екен. Сіздерде дене қышуы болды ма, тері қышығанда не істейсіздер?
мен үйге сырттан тоңып келгенде сондай болады. Жылы суға жуынған соң кетеді. Жалпы қызарған іздер қалады, бірақ күн жылысымен кетеді.
осының бір шешімін тауып берсеңіздер екен, құрбымды аяп кетемін)
Терінің қышуын сыртында деп түсінеміз, алайда ол іштегі кінарат екен... Мамамның терісінде сондай бір нәрсе шығып кететін, оны система алып жатып емдеді ғой...