Кез келген өнер туындысы, соның ішінде ән қоғамға, қоғамдағы адамдарға титтей де болса рухани азық сыйлауы тиіс деп санаймын. Ал қазіргі шығып жатқан әндердің талайы (әсіресе Ресей мен шетел эстрадасындағы) тез ырғақты, сөздері аса мағыналы болмаса да, билеуге ыңғайлы болып келеді. Бәлкім нарықтық заманда тіршіліктің қамымен қарбаласта жүргендер арасында "демалу" үшін ештеңе ойлатпайтын, сөзі жеңіл, жұлқынған әндерге сұранысты арттырған болар...
Өзіміздің эстрадада шығып жатқан әндер өте көп, бәрі бірдей керемет емес әрине. Жұбаныш Жексенұлы орындайтын "Нурикамал", "Махаббат елі" әндерінен ешқашан жалықпайтын шығармын. Заман соңғы кезде айтып жүрген "Сүйемін сені", Еркенің "Асыл арманы", Фарида айтатын "Неге солай", Мейрамбек ұсынған "Құс қанат ғұмыр" қайталап тыңдайтын әндеріме айналды. Т.Арынғали, Қ.Сарин, Р.Зайытовтардың сөздеріне, Л.Жолдасовтың сазына жазылған әндер үнемі үздіктер қатарында мен үшін. Шетел әндерінің көпшілігі тек бір тыңдауға жарарлық. Батыс өкілдерінен 2 жылдан бері телефонымнан өшірмей тыңдап жүргенім - Мадонна орындайтын Masterpiece.
қазіргі әншілердің қай тілде айтып жатқанын түсінбей қалатын кездерім болады. Сахнада, клипте құрт сорып тұратын секілді. Жалпысынан алғанда, Рамазан Стамғазиевті тыңдаймын. Оның әндеріне жететін ән жоқ қой