Сезімді жеңу мүмкін бе?
Жаңа құрбыммен сөйлесіп отырғанбыз. "Сен барлық жағынан мықтысың, бірақ, сезімге келгенде чертсың" деп қойып қалды... Шынында да, сезімге келгенде тым әлсізбін, басыма қанша таяқ тисе де есімді білгелі солай... Мен ғана сондаймын ба, әлде шынымен сезімді жеңу мүмкін емес пе? Бір адамдардың ғашық болу керек кезде ғашық болып, болмау керек кезде өздерін тыя алатындықтарына таң қаламын... Сіз қай қатардасыз?
Мен де сезім алдында әлсізбін! Сезімді ақылға жеңдіре алатын адамдарға қатты таңғалам...
" Сезімді жеңу мүмкін бе? " бұл сұраққа қарсы сұрақ "Кімге жеңу мүмкін бе ?" Сезімді жеңуі мүмкін адамдар болады және мүмкін емес адамдар.
Әлемдегі ең үлкен сезімнің ақшаға қатысты екенін сеземін. Қазіргі жұрттың сезімі ақшаға тікелей қатысты болды ғой