Аудиторияны зерттеу
Құрметті достар, мәселен бір арнадан "келін" тақырыбын жан жақты талқылайтын бағдарлама іске қосылды делік. Қызықтап тамашалайсыздар ма?Бағдарламаның қандай тақырыптарды қамтығанын қалайтын едіңіздер? Жауаптарыңызды асыға күтемін.
"Келін" туралы? Біріншіден, келін қазақ үшін кім? Отбасына жаңа түскен келін сол отбасындағы ең елеусіз адам. Қатты айтсам кешірерсіздер. Әлгінде Асхат Еркімбайдың блогынан оқыған едім. Сол кісі Америкадан келген досынан: "Қазақстанда не нәрсе ерекше есіңде қалды?" деп сұраса, "Қай үйге барсам да, дастарханның бұрышында бір қыз үндемей, сөйлемей шай құйып отырады, ол кім?" деп өзіне қайта сұрақ қойыпты дейді ))) Расымен де келін сол отбасына сіңіскенше, былайша айтқанда абырой жинап анаға айналғанша еңбек сіңіру керек. Бұл тұрғыдан қарағанда, келін туралы айту, көтеру бізге онша тән дүние емес сияқты. Екіншіден, жарайды мен сияқты ойлайтын адамның қарсылығына қарамастан келін туралы айтылуы тиіс болатын болса, мүлдем жаңа ортаға түскен кездегі келіннің ішкі толғанысы, психологиясының сол отбасына бірте-бірте бейімделуі, үлкен қиындықпен (ішкі) сол ортаға сіңу сияқты мәселелер айтылса қызықты болатын сыңайлы.
Меніңше, талқылауға тұрарлық тақырып... Өзіңнің отбасыңды, осыған дейін бақытты да ащы сәттерді бірге өткізген отбасыңды мүлдем бейтаныс отбасыға "арнау", оларға сіңісіп кету, 3 жыл бойы жүретін адаптация, бір елмен бір елді жалғау, отымен кіріп, күлімен шығу деген оңай дүниелер емес. Әсіресе, жарының ата-анасымен тұру, оларға қыздай әрі аянбай қызмет көрсету дегендер де бар...