Қай елдің ұлттық тағамдарын білесіз?

Қай елдің ұлттық тағамдарын білесіз және қай ұлттың тағамы ұнайды?

Осы Массагетте жарияланған Лазаньяны дайындап көрдім, тамаша шықты, жиі дайындайтын болдым. Енді лагманды дәмді дайындаудың жолдарын жазсаңыздар екен, әсіресе тұздықтың дәмін қалай ерекше етуге болады? өзім кәдімгі подливка құсатып дайындаймын (ет қосып), бірақ дәмі айрықша, ашқылтым болып шығатындай рецепт керек. Гурмания, сіздің жазған рецептеріңіз ұнап жүр, өзіңізден көмек күтем))
Лағманды дайындауда әркімнің өз құпиясы бар шығар. Бірақ, маған лағманда келесі тағамдардың болғаны ұнайды:
сарымсақ, пияз, сәбіз - өз алдына...
болгар бұрышы - соңына қарай салса, шикілеу, қаттырақ болып тұрғаны жақсы және ащы бұрыш
балдыркөк (сельдерей) сабақтары, піскеннен кейін жапырақтарын да салуға болады.
зімбір - сарымсақпен бірге ұсақтап турап, етпен қуырса,
соя тұздығы, егер табиғи ашыған болса жақсы, әйтпесе дүкендерде көбіне химия

әрі қарай әркімнің талғамына қарай.... кейбіреулері баялды, саңырауқұлақ, қызанақ, т.б. қосып жатады.

жасап жатсам, әрине, жасалу жолымен бөлісем
дайконды ұмытып кеттіппін ғой немесе кәдімгі шомыр (редька)

ал ең ұнамайтыны орамжапырақ қосқан, лағман борщ сияқты болып кетеді
Салма асқа етке салынатын ұннан дайындалады. Салманың аты әр жерде әртүрлі: салма, кеспе, жайма, шелпек, нарын, үзбе т.б. Салманы сорпаға, не суға қатты етіп қамырдан дайындалады. Ол дәмді болу үшін оның қамырына бір-екі жұмыртқа салу жөн. Қамырды оқтау мен жұқалап жайып, одан соң пышақпен жіңішкелеп кесіп,не болмаса қолмен үзіп, қайнап тұрған сорпаға пісіріреді. Салма етке жабысып қалмау үшін оны салардың алдында етті сүзіп алады. Оны салған ет жеуге өте жеңіл, әрі сіңімді келеді.