«Ит қуу» ғұрпын білесіз бе?
«Ит қуу» ғұрпын білесіз бе?
Иткөйлек – сәбидің қырқынан шығарылғанша киген көйлегі. Сәбидің денесіне батпауы үшін тігісі сыртына қаратылып, жөрмелеп, іліп қана тігіледі. Кейде иткөйлекті көп жасаған адамның киімінің қалдығынана да тіккен. Етегін, шеттерін бүкпей, кең - мол, үлкен етіп тігуі нәрестенің жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын тілеуден туған. Бала қырқынан шығарылар күні осы уақытқа дейін киген иткөйлегіне түрлі тәтті-дәмділер түйеді де, бір иттің мойнына байлап жібереді. Оны ауыл балалары қуып жетіп, иткөйлекке түйілген тәттілерді бөліп алады да, иткөйлекті иесіне қайта тапсырады. Бұл ғұрып "ит қуу" деп те аталады, мәні сәбидің пәле - жаласын қырық жаны бар хайуан - ит өзімен бірге алып кетеді деп сенген. Балаға иттің жүйрік, ақылы озық, алғыр қасиеттері дариды, сәби күшікше бауырын тез көтеріп, жаны берік, "итжанды" болады деп те ырымдайды. Қазақта "итжанды" деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін білдірген.