Қария қойған есім қызықты...
Бірде құрбымның үйіне қонаққа барғанмын. Үйінде келіні босанып есім таба алмай бәрі әуре-сарсаң болып жатырғаны. Үйде 90нан асқан қария ата бар екен,алдымен сәбидің ұл не қыз бала екенін білмейді. Білседе ұмытып қала береді. немерелері шуласып мен қоям, сен қоясын болып жатқанды естіп қария атамыз мен қоям Гүлнар деп болмай қойды.Ата ол ұл бала десе атамыз көнбейді ғой енді. Ата сіз қойыңыз бірақ ер баланың атын қойыңыз десе атамыз жок мен Гүлнар деп шештім деп отырып алды.Атамыздың бірінші келіншегі болған екен. Ол кісі ерте қайтыс болып кетіп,оны балалары білмейді екен. Енді бәрі үлкеннен асып кете алмай не істерлерін білмей отыр. Ата не себептен Гүлнар десе атамыздың ашумен айтып қойған шындығы бірінші әйелімдіде өлер шағымда есіме алып отырайыншы деп ағынан жарылып. Атамыз ойланып отырып ойбу балдар мен айтып қойдымба деп уялып қалғаны бар. Сол кезде бәріміз мәз болып күлгенбіз. Әр жас аралығында адамдардың бір қызығы бар деген осы екен ау. Солай баланың есімі Гүлнар болып қала берді. Өкінішті-ақ....
Кейде үлкен кісілердің кейін сол есіммен қалай жүреді деп ойламайтынына қайран қаламын... Өз балаңның есімін өзің қойғанға не жетсін...