Дін әлеуметтануы нені зерттейді?

Дін әлеуметтануы нені зерттейді?

Дін социологиясы адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын зерттейді. Сондықтан, дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда. Дін социологиясы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерін пайда болуын зерттейді. Мәселен, бір діннің яки сектаның (тариқаттың) мүшелері өздерінің діни наным-сенімі бойынша белгілі бір әлеуметтік іс-амалдарды жүзеге асырып жатса, белгілі бір формада киініп, белгілі қоғамдық қатынастарға түсіп жатса, бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді.