Ұялшақпын...
Менің бір кемшілігім ұялшақпын. Өзімнің осы барлық ойым ішімде жүреді, бірақ сыртқа шығаруға комплексім бар. Көп ортада ұяламын. Жалғыз қалғанды, жалғыз жүргенді ұнатамын, тіпті әлі күнге жігітім де жоқ. Өмір бойы осы ұялшақтығымның кесірінен жалғыз қалам ба деп қорқамын. Жігіттер жақындап кетсе, ұялып қызарып, жүрегім дүрсілдеп кетеді. Құрбыларым бұл жүрісің жарамайды жігіттерге батыл қыздар ұнайды дейді. Көптің арасында жұрттар сөйлеп жатқанда, не сөйлерімді білмеймін. Маған кеңес керек, не істеймін?
Ұят - иман белгісі. Бұл кемшілік емес. Сіздің кемшілігіңіз - жатырқау адам боларсыз.