Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романындағы Демежан бейнесі

Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романындағы Демежан бейнесі

Жазушының "Сарыжайлау”, "Сәйгүліктер”, "Бір түп тораңғы”, "Қарауыл”, "Бір қаланың тұрғындары” күні кешегі кеңестік дәуір шындығын бейнелеген туындыларға жатады. Уақыт біреу. Кеңістік те біреу. Бұлар мезгіл мен мекен жағынан ғана емес, ішкі мазмұн, пішін жағынан да сарындас шығармалар. Уақыт та, кеңістік те шексіз. Өмір уақытқа тәуелді. Адам үшін екі түрлі бесік бар: біріншісі – тал бесік, екіншісі – жер бесік. Екеуінің ортасы – кеңістік, жүріп өтуге кететін мерзім – уақыт. Қ.Жұмаділов өз хикаяттары арқылы адам өмірінің уақыт пен кеңістік ауқымындағы мән-маңызына, мазмұнына үңіледі. Дәнеш, Жұмаш, Машанов, Таубай, Айтқұлов, Ағыбай, Ержан, Батырхан, Тәкібаев, Әділгерей образдары – дәуір шындығының бірегей картинасын беріп тұрған бейнелер.