Арқалық қаласындағы жастар театрына бірнеше рет барғанмын. Солардың ішінде қатты ұнағаны С.Жүнісовтің "Қызым саған айтам" драмасы. Тағы бір ұнаған қойылым "Ғашықтар хикаясы". Авторын ұмытып тұрмын.
Жақында ғана "Тендерге түскен келіншек" қойылымын тамашаладым... Ерекше әсер етті. "Қызыл орамалды шынарым", "Ай-Қарагөз", "Сағым қуғандар" қойылымдарын да сүйіп тамашалаймын.
14 қараша күні менің туған күнімде ӘСЕЛ есімді кейіпкері бар "Қызыл орамалды Шанарым" қойылымы болды. Маған тым ыстық, сүйікті қойылым. Сосын "Күйеуіңізді сатыңызшы" трагикомедиясы ұнады.
Мен үшін де сүйікті актерім ойнаған қойылымдардың бәрі үздік!