Саз әлемі 2013

"Саз әлемі" жайлы ой пікірлеріңіз? Қай ән ұнап жатыр?

Бұл жылғы "Саз әлемі" мен үшін ұнамды болды) Себебі, "Арай" тобы менің сүйікті тобым, ал Айқын сүйікті әншім! :D Есімде мықты жатталып қалған адам - Райхан Әлмырза :oops: Әәәрдайым әншілердің музыкалық сауатын, әнді қалай айтқанын сынап отыратын ұлы мәртебелі Бағым ханым Райханға тек эпатажы үшін ғана 10 балл бергені менің миыма ауыыыр болды)) Айнұр Тұрсынбаеваның пікірімен әбден келісем Райхан туралы айтқан. Продюсері - Арман Дүйсенов екен. Арман ағадан мұндайды күтпеп едім :( деее)) Негізі, ешкімнен ештеңе күтпеген дұрыс екен ғой)
Мадина Балғабаеваның КТК-да жаңалық жүргізгенін жақсы көретін едім. "Саз әлеміндегі" сарапшылық жұмысынан кейін біраз "разочарована" болдым, былай айтқанда) Бағым Мұхитденова тарапынан біраз миға симайтын (менің миыма) бағалауларға үйреніп қалдым. Рүстем Нұржігіт ағаның айтқан "Еркемсің" әні JCS тобының "Мой дом" әнінің екініші нұсқасы ғой, Меруерт Түсіпбаева айтқандай. Әдетте мұндайға (плагиатқа) өөөтте қатал қарайтын Бағым Мұхитденова назар да аударған жоқ. Әрине, бұл әншінің емес, композитордың қатесі, дегенмен басқа әнші, басқа топтарға келгенде Бағым ханымды бұл қызықтырмайды :(