Саз әлемі 2013

"Саз әлемі" жайлы ой пікірлеріңіз? Қай ән ұнап жатыр?

Кешегі өткен бағдарламада Қанат Әлжапаров біраз ысылып қалғаны байқалады. Қағазға қарамай, өзі әзілдерін айтып, жақсы жүргізді.
Әлжаппаров шығар
«Жебе мен Аюми шығып жатқанда к-поп есiме түспедi» деңдершi ал )))

Кешегi бағдарламада Асхат Садырбай айтқан сөздермен келiсем.
Маған Н. Абдуллин ұнады, бiрақ, фаворит - сөзсiз Жанар ғой! Жақсы! )))
Бағым қырсық па бірбәле, бәрін ерегісіп істейді. Өйтіп білгіш болмай-ақ қойдым!
негізі ұйымдастырушылар дұрыс жасамайды,халық сүйіспеншілігін иеленген әншілерді жас әншілермен бірге сахнаға шығарады.сол себепті жас немесе көп танылмаған әншілердің әні аз дауыс жинап,танымал әншілер көп дауыс жинайды.менің ойымша "саз әлемі"қанша жерден әнге арналған сайыс болсада халық әнге емес әншіге дауыс беретін сияқты.бұл айтылмайтын шыңдық.
Негізі әдемі жоба ғой
Меніңше, осы жылы "Саз әлемін" Кешью тобы "Қазақтың қыздарымен" жеңеді.
Асхат Садырбайдың субъективті пікірлері менің жыныма тиеді. Білгірсініп сөйлейді. Әдейі шоу жасағылары келіп, "сен үнемі Бағымға қарсы пікір айт" деп айтып қоятын секілді. Туиттерде "Ойбай, Асхат, сізден асқан әділқазы ғаламда жоқ!" деп жазатындарды түсінбеймін былайша айтқанда. Бұл менің ғана пікірім)
Биылғысы жеке өз басыма "Жебе" дейтін сүйікті топ сыйлады... )

сосын, әр екі-үш бағдарлама сайын қайталанып отыратын Қанаттың әзілдері есімде қалды, мысалы: "Пәленшеге дауыс беріңіздер! Я ма?" немесе "Түгенше сіздің дауыстарыңызды күтеді! Үйінде!" деген сияқты )
"Квартет бар, квартира жоқ" дегендей ма :D