Таңғажайып бақ/Сырлы бақ/Таинственный сад/Secret garden

Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жанр: Мелодрама, романтика, мистика
Жыл: 2010
Сериялар саны: 20

Рөлдерде:
Hyun Bin - Kim Joo Won / Ким Чжу Вон
Ha Ji Won - Gil Ra Im / Киль Ра Им
Yoon Sang Hyun - Oska / Оска
Kim Sa Rang - Yoon Seul / Юн Сыль
Lee Philip - Im Jong Soo / Лим Чжон Су (Киль Ра Имнің бастығы)

Сипаттама:
Бір күні бір табысты кәсіпкер өмір сүріпті. Өзі ақылды, бай, көрікті, сонымен қатар кез-келген бай адамдар сияқты тәкаппарлық мінезден де жұрдай емес. Күндердің бір күнінде жас кәсіпкеріміз қарапайым каскадер қызбен кездейсоқ танысып қалады. Батыл да, қайсар қыздың жігерлігі жас жігіттің көңілін бей-жай қалдырмайды. Алайда қыз, өзіне сенімді, паң адамды жанына жолата қоймайды. Тағдырдың тәлкегімен байланысқан екі жасқа тылсым күштер денелерін ауыстырып, сынақ жібереді. Алайда бұл сынақ па, әлде сол тылсым күштердің үлкен махаббатқа жол бастап беретін сыйы ма, оны уақыт... жоқ, сериалдың соңы көрсетер.

Аударған: [b:2f04dnrb][i:2f04dnrb]Zere[/i:2f04dnrb][/b:2f04dnrb]

Редактор:
1-3-бөлім [b:2f04dnrb][i:2f04dnrb]Ushkin[/i:2f04dnrb][/b:2f04dnrb]
4-11, 13-16-бөлім [b:2f04dnrb][i:2f04dnrb]Gani, Ushkin[/i:2f04dnrb][/b:2f04dnrb]
12-бөлім [b:2f04dnrb][i:2f04dnrb]SadkoFM[/i:2f04dnrb][/b:2f04dnrb]
17-20-бөлім [b:2f04dnrb][i:2f04dnrb]Araikina[/i:2f04dnrb][/b:2f04dnrb]

[b:2f04dnrb]ОНЛАЙН ҚАРАУ[/b:2f04dnrb]

"Таңғажайып бақ" сериалын талқылайық. Сізге кім ұнайды Бас директор Ким Чжу Вон ба, әлде каскадерлер мектеп директоры Лим бе? Оска қалай? Ра Имның орнында болғыңыз келер ме еді? Және соңына дейін шыдап, анасымен татуласпай кетуге дәтіңіз барар ма еді? Ким Чжу Вон мен Осканың аналары жайлы не айтар едіңіздер?
Мен шын айтсам, Ра Имның орнында болғым келмес еді. Өйткені тең-теңімен болғаны дұрыс деп ойлаймын. Сол үшін де анасы олардың некесін қабылдамай қойды. Бұл өмірде қиын болатын шығар. Оданша құда да, құдағи да тыныш болғаны дұрыс. :D
Сериалды қазақшаға аудардың ба? Мен бұл сериалды көрмедім, бірақ көрші группалас кореец бір кәріс әншінің әндерін беріп еді, Пек Джи Йоң деген. Осы сериалдың саундтректері екен. Жақсы болса көрейік ))
Сериалды қазақшаға аудардың ба? Мен бұл сериалды көрмедім, бірақ көрші группалас кореец бір кәріс әншінің әндерін беріп еді, Пек Джи Йоң деген. Осы сериалдың саундтректері екен. Жақсы болса көрейік ))

Иә, қазақшаға аудардық. Бірге аударайық бөлімінен көрсең болады. Жақсы сериал, ғажайыпқа толы болса да өмірлік. )
Бұл киноның жанры мистика болганымен шын омірден алынган сиякты. Маган Ким Чжу Вонның мінезі ұнайды, бірак Ра Имді бастығымен калганын калап едим, ойткені ол Ким Чжу Вонмен коп киналды. Мен Ра Имның орнында болгым келмейді.
Анар, Ким Чжу Вон, Мектеп директоры мен Оскадан басқа нұсқа жоқ па? :) хехе
Дегенмен мына мектеп директоры деген сәтсіз кейіпкер болды. Түк істемейді, көзбен арасында Гиль Ра Имді атқаннан басқа, біртүрлі өзі, шаш деген де тым өсіп кеткен. Не анау?
Оска алғашқы серияларда ақсаусақ, гламур, құтырған боп көрінгенмен серияларды көре келе оның басқа екеніне көз жекізуге болады екен. Арасында "ЙААА!" деп айғалағына қарамастан, бұл қорғаныс механизмі іспетті болуы керек "ЙАА!" дегені. Иманжүзді, жүрегінде мейірімі, ақыл-парасаты бар қазақ, тойыс корей азаматы екен.
Басты кейіпкердегі жігітке де базар жоқ негізі. Лифттен қорқатыны болмаса.
Сосын басты кейіпкердің көмекшісі - қазаққа өте ұқсайды екен. Осындай типтес, осындай түрі бар жігіттер қазақта көп кездеседі. Мүмкін сонысымен де қазақ халқы үшін корей сериалдары жақын шығар.
Мейіржан, дұрыс айтасың. Келісемін.
Басты кейіпкерлердің бірін ойнаған актриса Ха Чжи Вонның шын есімі негізі Чон Хэ Рим екен. Бұл жайлы ол бір бағдарламада бөлісіпті. Ең алғаш дебют жасайтын кезде Хэ Римның продюссерінің Ха Чжи Вон деген қызы болған екен. Екі ғашықтың сезімдер тұрақсыз болып, ажырасып кеткендіктен продюсер ғашығының есімін болашақ актрисаға беруді дұрыс көріпті. Сөйтіп, Корей өнер индустриясында Ха Чжи Вон деген жаңа есім пайда болады.
Иә, өнер адамдармен не істетпейді десеңші, тіпті ата-анаң берген есімнен де бас тартқыза алады.
Керемет сериал. оз басыма өте ұнады. ия Ра Имнин омири киын, Джу Воннын омири қандай рахаааат. Озканын қылықтары өте күлкілі, әсіресе ызаланып, ашуланған кездері. Джу Вонның минези ұнап қалды тике айтады ғой, ризамын!!!!мен Ра имнин орнында болғым келеди десем де болады. Джу Вондай жигит маған ғшық болса, сондай мамандығым болса қарсы емеспин.аударған адам көп жасасын, талмасын, шаршамасын. :)