Ұстазыңызға қандай сыйлық бергенсіз?
Достар, мына жерде мұғалімдерге жасаған сыйлықтарымыз туралы немесе қандай сыйлық беруге болатындығы туралы кеңестер айта отырайық)
мен сол баяғыдан бері сыйлық десе ішкен асын жерге қоятын адам болғанмын)) сыйлықты қолдан да жасағам, мама-пападан еңіреп отырып ақша сұрап алып та жасағанмын) бір күні біздің сынып жетекшіміз, сегізінші наурызда сыйлаған сыйлықтарымыз бен гүлдерімізді лақтырып жіберген, ашуына тиіп жібердік-ау деймін, содан бері мұғалімдерге сыйлық сыйлауға келгенде ренішімі есіме түсіп кетеді, универде жеке өз атымнан ешкімге сыйлық бермеппін, бірақ, биыл бір ағай мен апайға бергім келіп жүр, әлі шешкем жоқ, кітап алатын сияқтымын)
Гүл ғой сол. Розалар мен астра гүлдерін сыйлайтынбыз.. Сол гүлдер апайларымыздың өз есік алдында да өсіп тұр ғой
Ұстазыма әдемі мойын орағыш сыйлағым келеді.
Ұстаздарымыздың әрқайсысына арнап 4 жол өлең шығарып, плакат жасап, мектептің қабырғасына іліп қойғанымыз бар еді. Және концерт ұйымдастырып, ол кісілерге арнап шығармалар жазған едік... көздеріне жас алып тыңдады. Сол сыйлығымыз мәңгілік естерінде қалған шығар деп дәмелімін))
Кейінгі кезде ұстазыма өзімді силағым кеп жүр... Күйеу бала ретінде
Мен мектептегі мұғалімдеріме барған сайын кітап алып барамын, ішіне әдемі тілектерімді қоса. Мәәәз болады.