Еркебұлан Дайыров биография

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. 2004-2008 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын «музыкалық драма актері» мамандығы бойынша оқып-бітірген. 2006 жылдан бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік тобында өнер көрсетеді.

Театрдағы рөлдері:
ұлттық классика мен заманауи драматургияда – М.Әуезовтің «Абайында» Айдар (реж.Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Айтбай (сахналық нұсқасы.Н.Оразалин, реж.Ә.Рахимов), Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Жылқышы, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бүркіт (реж. Ә.Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Жантық (реж.Қ.Сүгірбеков), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол, Д.Исабековтің «Актрисасында» Ерлен (реж. Н.Жұманиязов), «Мұрагерлерінде» Төрехан (реж. О.Кенебаев), «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ («Балуан Шолақ» реж. Е.Обаев), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Ғазиз (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?...» қойылымында Абай (реж.О.Кенебаев), Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Сағын (реж.Н.Жақыпбай), Т.Әбдіковтың «Ұлы мен ұры» драмасында журналист (реж.Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан) т.б.
әлемдік классика мен заманауи драматургияда — Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Меркуцио (реж.О.Салимов), Гогольдің «Үйленуінде» Подколесин (реж.В.Захаров), Ү.Ғаджыбековтің «Аршын- мал аланында» Сулейман (реж. Т.Әл-Тарази), М.Кәрімнің «Күнаһарында» Диуана (реж.О.Кенебаев),т.б.

Фильмография:
2010 - «Теміртау көктемі» Ораз (реж. Мұрат Бидосов)

Телехикаялар:
2012 - «Парыз» Талап (реж. Жасұлан Пошанов)
2013 - «Тағдыр» Айдар.(реж. А.Сахаманов)
2013 - "Волоколамск тас жолы" Бауыржан (реж. Ақан Сатаев)

Ел арна телеарнасындағы «Бағдаршам», Хабар телеарнасында «Дудар-ай», 31 каналда «Талант шоу» бағдарламаларында жүргізуші. Сонымен қатар көптеген клиптерге, Мемлекеттік мәдени іс-шараларға қатысқан. Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының иегері (2013).

Еркебұланның сомдайтын рөлдері де, сомдауы да ұнайды. Шекспирдің Отеллосындағы Кассионың рөлін тәуір-ақ сомдап шықты...
Қазақтың жігіттер ғой. Аман болсын
Еркебұланның сомдайтын рөлдері де, сомдауы да ұнайды. Шекспирдің Отеллосындағы Кассионың рөлін тәуір-ақ сомдап шықты...

сол кезде біраз қыздың назарына ілікті)