Ал, белгiлi қоғам қайраткерi, ақын Кәкiмбек Салықов “Шал ақын сегiз қырлы, бiр сырлы, онда бәрi бар” - деп келедi де: “Ол айтыскер, суырып салма, импровизатор, қолы тиген жердi жұлып алар, көзi түскен жердi үзiп алар, өткiр экспромт иесi, тапқыр сөздiң үздiк шеберi, ауыз әдебиетiнен жазба әдебиетiне көше бастаған қазақ поэзиясының көш басындағы кеменгерi” - деп бiледi. Ал, филология ғылымының докторы, профессор Ө.Күмiсбаевтың айтуынша - “қазақтың он бiр буынды қара өлеңiнiң құдiретiн Абайдан бұрын бiр ғасыр ерте танытқан (Шал) қарт шеберлердiң бiрi - осы Шал ақын” деп қортындылайды.
Айта кететiн бiр жағдай, Шал ақынның шығармышылық асыл дүниесiнiң бар екенiн Шоқан бастап берген болса, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында-ақ Шал ақынның бiраз туындыларын хатқа түсiрiп үлгерген екен. Ол қазақ университетiнiң кiтапханасында сақталған екен. Оның бержағында тұңғыш рет 1929-жылы “Жаңа әдебиет” журналында, 1958-жылы “Қазақ әдебиетi” газетiнiң 28 қарашасында Ғ.Малдыбаевтың жариялаған 8 өлеңi жарық көрген. Әрине, ел iшiнде Шал ақынның өлеңдерiн бiр күн айтып, тауыса алмайтын құймақұлақ ақсақалдарды тыңдаған да едiк. Бiрақ бiздiң әттегенайымыз да қалмайды ғой. Солардың аузынан жазып алсақ, Шал өлеңiнiң қоры осы күнгiден де молырақ болар едi. Әсiресе, 1930-40 жылдарға дейiн өмiр сүрген ақсақалдарымыз: Ақымның Есқағы, Әбушахманның Бiржаны, оның бер жағындағы Шегеннiң Сәкенi, Досмағұл, Қарып, Әбдiр, Қошан, Сұраған, Баянтайдың Жүнiсi, Асылтайдың Ерғалиi, Елеусiздiң Ғаббасы тағы сол сияқты қасиеттi шалдарымыз Шал ақынның сөздерiн, өлеңдерiн майын тамызып айтып отырушы едi. Ол кезде тоталитарлық басқару жүйесiнде ескiден келе жатқан елiмiздiң асыл заттарына, бiлгiр адамдарына, тарихи тұлғаларға мән бергiзбеу, оларға көңiл бөлген адамдарды ескiнi құндаушы, жаңашыл жолдан шегiну деп өрескел сөгiске ұшыратқаны мәлiм.